Теректі (2022 ж. дейін Фёдоровка)Батыс Қазақстанда аудан орталығы Федоровканың атауы Теректі болып өзгерді — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, аудан және Теректі ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Орал қаласынан шығысқа қарай 47 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4956 адам (2510 ер адам және 2446 әйел адам) болса, 2009 жылы 4597 адамды (2217 ер адам және 2380 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5143 адамды (2500 ер адам және 2643 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Iргесі 1909 жылы қаланған. 1936–1997 жылдары астық өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Федоровкада және округке қарасты Вербовой, Тақсай, Жайық, Қабылтөбе, Шарақап елді мекендерінде ӨК, 2 ЖШС және 27 шаруа қожалығы құрылды.
БҚО ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, 2022 жылы 8 сәуірде Фёдоровка ауылы Теректі ауылы болып өзгертілді.Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері