Суат Әуезбекұлы Әбусейітов,(4 қараша 1929, қазіргі Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 7 қараша 1992, Алматы) — әнші, Қазақстан халық әртісі (1981).
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан
Алматы консерваториясын (А.М. Кургановтың класы бойынша) бітірген (1949). 1949 — 55 ж. “Қазақфильмде”, 1955 — 63 ж. Қазақ ән-би ансамблінде, 1963 жылдан Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық оркестрінде әнші болды.
Әбусейітов әншілік өнерде өз орындаушылық мәнерін танытты. Оның орындауындағы “Екі жирен” немесе “Жеңеше” әндері ешбір әншіге ұқсамайтын бояу-нақысымен есте қалды. Әбусейітовтің репертуарында Қазақстан композиторларының “Тербеледі тың дала”, “Алатау”, “Баянауыл”, “Ауылым”, орыс классиктері П.И. Чайковскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың романстары болды.
1957 ж. Мәскеуде өткен Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің лауреаты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:4 қарашада туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:7 қарашада қайтыс болғандар Санат:1992 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО әншілері Санат:Қазақстан әншілері Санат:XX ғасыр әншілері Санат:Тенорлар Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан тенорлары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақфильм әншілері Санат:Қазақ ән-би ансамблі әншілері