Ақтоған — Жамбыл облысының Меркі ауданындағы, Ақтоған ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Меркі ауылынан батысқа қарай 4 км-дей жерде, далалық белдемде, Алматы-Тараз автомобиль жолының тау жақ беткейінде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2885 3183 110,3 1412 1636 115,9 1473 1547 105

Бұрынғы "Большевик" ұжымшары негізінде өндірістік кооператив жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Инфрақұрылымы Тілеміс атындағы орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, емхана бар.

Ауыл тарихы Ауыл тұрғындарының ата-бабалары тау етегіндегі "Үш Ойрандының сайы" деп аталатын "Ақтікен", "Молалы", "Ойранды" деген жерлерді мекендеген. Міне, осы елді мекендер біріктіріліп, 1929 жылы артель болып ұйымдастырылғанда №2 ауыл атанды. Кейін "Ақтікен" колхозы деп аталды. Сауатсыздықтың салдарынан немесе орыс тілділердің тілге жатық болуы үшін "Ақтікен" сөзі "Ақтоған" деп бұрмалап жазған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері