Грейт-Смоки-Маунтинс ұлттық саябағы (, ХФӘ ) — Аппалачи тау жүйесініндегі Грейт-Смоки-Маунтинс (сөзбе-сөз деп аударуға болады.) үстіртінің негізгі аумағында орналасқан, биосфералық резерватының құрама бөлігі және ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне енген табиғи нысан болып саналатын ұлттық саябақ. Саябақтың әкімшілік орналасуы — Солтүстік Каролина және Теннесси штаттары, үстірттің ортасынан өтетін шекарасы. АҚШ ұлттық саябақтар қызметінің федеральдық ақпаратына қарай, Грейт-Смоки-Маунтинс бұл елдiң аумағындағы келушілер саны бойынша саябақтардың ішінде алдыңғы қатарда. Мысалы, 2007 жылы бұл саябаққа келушілер саны 9,4 миллионға жетті, бұл көрсеткіш Гранд-Каньон саябағына келушілер санынан екі есе көп болып келеді. Қорық аумағында АҚШ-тағы ең танымалылардың бірі болып келетін Аппалач таулы жүйесі арқылы Мэн штатынан Жорджия штатына дейін өтетін әлемдегі ең ұзын үздiксiз жаяу жүргіншілерге арналған Аппалач соқпағы өтеді.

1934 жылы АҚШ Конгресінің қаулысымен саябақ құрылып, 1940 жылы саябақтың салтанатты ашылуын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт жариялады. Саябақ АҚШ-тың шығыс аймағындағы iрi қорғалатын табиғи аймақтарының бiрi болып табылады. Саябақтың жалпы аумағы, 2108 км² құрайды. Қорықтың ең басты кіре берісінде Гетлинбург және Чероки қалаларын жалғайтын U.S. Highway 441 (саябақтың маңында Newfound Gap Road деп аталады) магистралі өтеді.

Географиясы Географиялық орналасуы Грейт-Смоки-Маунтинс ұлттық саябағы, Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі Аппалачи тау жүйесіндегі өзі аттас үстіртінің бөктерінде орналасқан. thumb|right|400px|Ұлттық саябақтың картасы

Саябақ аумағы Солтүсік Каролина және Теннесси штаттарының бірнеше аймақтарына бағынады: Свейн, Хейвуд, Севьер, Блаунт және Кок. Саябақ шамамен штаттар арасында тең бөлінген: 1118,32 км² (276 344 акра) жері Солтүсік Каролинаға жатса, 990,44 км² жері (244 742 акра) — Теннессиге кіреді. Саябақты басқаруымен федеральды мекеме — АҚШ ұлттық саябақтар қызметі айналысады. Саябақ шығысында және онтүстігінде мемлекеттік қорық мәртебесіне ие National Forest, тағы бірнеше қорық аймақтарымен шектеседі: Чероки, Писга және Нантахала. Оңтүстік-шығысында орталығы Чероки қаласы болып келетін, Куалла-Боундари үндіс резевациясымен шектеседі. Сонымен қатар, саябақтың айналасында Гетлинбург, Пиджон-Фордж, Севьервилл, Таунсенд, Брайсон-Сити және Сылва елді мекендері орналасқан.

Биіктік айырмасы Абрамс-Крик (Abrams Creek) жылғасы маңайында 256 метр (840 фут) бастап, Клингманс-Доум (Clingman’s Dome) тауының шыңы 2025 метрге (6643 фут) дейін. Сонымен қатар, саябақтың басқа шыңдары — Гюйо (Mount Guyot, 2018 м), ЛеКонт (Mount Le Conte, 2010 м), Кефарт (Mount Kephart, 1895 м), Коллинз (Mount Collins, 1886 м).

Саябақта, Теннесси өзені бассейннің бөлігі болып табылатын, бірнеше өзендермен жылғалар бастау алады. Ең ірі өзендері — Оконалуфти (Oconaluftee), Хейзл-Крик (Hazel Creek), Игл-Крик (Eagle Creek), оңтүстігінде Форни-Крик (Forney Creek), Литл-Пиджн-Ривер (Little Pigeon River) және Литтл-Ривер (Little River), солтүстігінде Абрамс-Крик өзендері.

center|thumb|650px|Гетлинбург жағындағы көрінісі. Суретте ең биік шың — ЛеКонт тауы (Mount Le Conte)

Геологиясы

Атлант мұхиты және Миссисипи бассейнінің арасындағы су айырығын құрайтын, Грейт-Смоки-Маунтинс Аппалач бөктерінің онтүстік бөлігінде орналасқан. Алайда саябақтың аумағындағы бедердің жетілуі осы тау жүйесінің пайда болуынан миллиардтан астам жыл бұрын бастауын алады. Континенттерге бөлінуі әлі басталмай тұрған кезде, бір шама ғалымдардың пайымдауынша, Родиния атты біркелкі жер қаттысы болған..

thumb|left|200px|Alum Cave Trail соқпағы маңындағы тасты үңгір. Anakeesta формациясы, геологиялық дәуірі — Прекембрий. Тау тұқымы — мусковитті кварциттер, филлиттер, копиапит, галотрихит, гипс және басқалар.

Прекембрийдің аяғында жер қыртыстарының соқтығысу барысында осы орындағы жер көтеріле бастады және тарихтан бұрынғы гранит және гнейс тасты тұқымдарынан тұратын таулы қырат пайда болды. Қазіргі кезде бұл тұқымды Чероки және Брайсон сити қалаларының ортасындағы Рэвен-Форк (Raven Fork) өзені алқабының және Тукасиджи (Tuckasegee) өзені жоғарғы ағысының аудандағы саябақтың онтүстік-шығыс бөлігінде көре аласыз. Уақыт өте келе, эрозияның салдарынан пайда болған үстірт күйрей бастап және шөгінді тұқымдарының жиналуы, пайда болған қоспалары балшық, лай қабаттары, құм, карбонат кальций азды-көпті мөлшері, таяудағы шұңқырлардың түбіне жиналып, 14 км астам қалыңдығы бар бірнеше қатпарлар пайда болды. Саябақтағы ең көне шөгінді қатпар жасы 545—800 млн жылға бағаланады, ал ең соңғы шөгінді қатпар жасы Палеозой дәуірі кезіндегі шамамен 450—545 млн бұрынғы жылға жатады.

thumb|right|200px|Чимни-Топс тауының шынындағы ашылған құздар (Chimney Tops) thumb|right|200px|Клингманс-Доум тауының көлемді картасы thumb|right|200px|Тау «түтінді» атқа, Мексикалық шығанақ жағынан жылы дымқыл ауаның суытылған түрі келетін, түтінді тұман арқасында иеленді

Климаты Ұлттық саябақ аумағындағы климат қоңыржай, қысы жұмсақ, ал жазы ыстық әрі ылғалды.. Орташа алғанда, ең жылы ай — шілде, ал ең суық ай — қаңтар. Гетлинбург ауданындағы (саябақтың ең төменгі бөлігі) бақылау бойынша, ең жоғарғы температура — +41,1 °C, 1936 жылы 29 маусымда тіркелді, ең төменгі температура — −27,8 °C, 1985 жылы 21 қаңтарда тіркелді..

thumb|оң|200px|Наурыздың басы. Жол бағыттауыштары

Қыс мезгілі қарашаның ортасынан ақпанға дейін жалғасады. Қыста күндізгі орташа температура +10 °C не одан жоғары болады. Түнгі уақытта қарапайым суық болады. Кей кезде температура экстрималды −29 °C-ға дейін төмендеуі мүмкін. Әсіресе мұндай жағдай саябақтың жоғарғы бөлігінде орын алады, сонымен қатар жоғарғы шыңдарда қалың қар жауыны болып жатқан кезде таулардың төменгі жағында ауа райы жылы болуы мүмкін. Таудағы қар жамылғысы қаңтар — ақпан аралығында қарапайым, Клингманс-Доум шыңында оның қалыңдығы 660 мм-ге дейін жетуі мүмкін..

Наурыздан мамырға дейінгі жалғасатын көктемгі ауа райының жиі әрі тез өзгеруімен ерекшеленеді, әсіресе наурызда: ашық аспан біренеше сағат ішінде қалың қар жауынына ұласуы мүмкін. Көктемнің алғашқы жартысындағы орташа максимум 16 °C-қа дейін жетеді. Ал түнде температура нөлге дейін төмендейді. Сәуірдің ортасынан бастап күндізгі орташа температура 20 °C не одан жоғары болуы мүмкін, таулардың төменгі аумағында суық сирек құбылысқа айналады, алайда жоғарғы бөлікте олар жиі болып тұрады. Сәуірде бесіндік жаңбырлар жиірек қайталанады, жауын-шашын мөлшері 135 мм-ге дейін жетеді. Мамырда температура одан да жылиды: күндізгі максимум 20—30 °C шамалары арасында ауытқиды, ал минимум 5—15 °C шамасында. Жауын-шашынның орташа мөлшері сәуірмен шамалас..

Жаз мезгілі өте ыстық, ылғалды және қалың түтінді тұман жамылғысымен ерекшеленеді. Ол маусымнан тамызға дейін жалғасады (Мексика шығанағындағы жылы ылғалды ауаның сууы нәтижесінде пайда болған ерекше тұмандар арқасында таулар «түтінді» — smoky деген атауға ие болған). Күннің екінші бөлігінде негізінен нөсер жаңбыр мен найзағай болады, айлық жауын-шашын мөлшері 145, ал жоғарғы бөлікте 211 мм. Парктің төменгі бөлігінде температура кейде 30 °C-тан асып түседі, алайда жоғарғы бөлікте ол төмен әрі адамға жайлы болып келеді. Мысалы, ЛеКонт тауының басында (теңіз деңгейінен 2010 м биіктікте) 26 °C-тан жоғары температура ешқашан тіркелмеген..

Күз қыркүйектен қарашаның ортасына дейін жалғасады. Күзде ауа райы ашық және температура төмен болады. Жылы күндізгі уақыт салқын түнмен алмасады, орташа максимумдер қыркүйекте 24—28 °C, ал қарашада 13—18 °C. Алғашқы суық көбіне қыркүйек аяғында байқалады, ал қараша аяғында орташа түнгі температура нөлге жуық болып келеді. Күз — ең құрғақ жыл мезгілі, жауын-шашын сирек түседі. Тау шыңдарындағы тұрақты қар жамылғысы қарашаның басынан бастап болуы мүмкін..

Саябақ тарихы thumb|right|upright|200px|Грейт-Смоки-Маунтинстің байырғы тұрғындары — чероки үндістері

АҚШ батысымен салыстырғанда, Грейт-Смоки-Маунтинс саябағының ашылуы жұмыстары басынан бастап ірі қаржылық салымдарды қажет етті. Себебі, саябақ құрылған аумақтың көп бөлігі фермерлер мен фирмалардың меншігінде болды.

Ақ нәсілді адамдар келместен бұрын, қазіргі саябақ аумағында чероки халқына жататын солтүстікамерикандық үндістер мекендеген болатын. Ең алғашқы болып Аппалачидің оңтүстік бөлігін 1540 жылы сол жерлерден алтын іздеген испандық теңізші және конкистадор Эрнандо де Сото экспедициясы зерттеген болатын.Экспедиция мүшелері саябақтың өз аумағына аяқ баспаса да, олардың саябақтың көзге түсетін шыңдары — Клингманс-Доум, Гюйо, ЛеКонт және Каммерер шыңдарын көруі анық. Еуропалықтар өздерімен бірге жергілікті халыққа белгісіз болған және оларға көп зардабын тигізген шешек ауруын әкелді.

1775 жылы танымал натуралист Уильям Бартрам оңтүстік Аппалачиді зерттеуді бастады, ал 20 өткен соң Оконалуфти өзені аңғарында алғашқы фремерлік қожалықтар пайда болды. Ең ерте үндістік емес қоныстар 1818-1821 жылдары Кейдс-Коув (Cades Cove) өзені аңғарында пайда болды. XIX — XX бірінші жартысында салынған кейбір үйлер мен шіркеудер қазірге дейін сақталынып қалған және олар туристердің арасында танымал.

thumb|left|upright|200px|Саябақ аумағында оранасқан үйшік. XIX ғасыр ортасында салыған.

Тарихи аудандар және қоныстар XIX ғасырда - XX ғасырдың бірінші жартысында келешек саябақ территориясында ақ нәсілді адамдардың қоныстары болған, кейін ол қоныстар ресми тарихи аудан дәрежесін алды (). Көптеген тұрғын үйлер, ауыл шаруашылық құрылыстар, шіркеулер және бейіттер қазіргі кезге дейін сақталып, кіріп көруге ашық.

Кейдс-Коув тарихи ауданы thumb|right|250px|Джона Оливер бөрене үйі (John Oliver Cabin, 1822 ж.) Кейдс-Коув () — толығымен ұлттық саябақтың ішінде орналасқан жабық алқап. Геологиялық тұрғыдан қарағанда ол әктастан құралған тектоникалық терезе - кембрийге дейінгі құмдақ және палеозойлық әктастың эрозиясы нәтижесінде құралған тау жыныстарының оқшауланған бөлігі.

Алқаптың құнарлы топырағы ежелгі диқаншылардың назарын аударған. Жер үстіндегі шөгінділері ордовик кезеңіне жатады, олардың жасы 340—570 млн жыл болып саналады. Тарихи аудан ретінде (Cades Cove Historic District) Кейдс-Коув АҚШ тарихи аудандарының ұлттық тізіміне 1977 жылы енді.

Жердің құнарлылығына қарамастан, археологтар колумбқа дейінгі кезеңнің үлкен үндіс қоныстарын әлі таба алмады. XVIII ғасырда алқапта тауды Оңтүстіктен Солтүстікке өту үшін үндістер қолданған екі жол тораптың бірі орналасқаны белгілі (қазіргі түсінік бойынша, Теннессиден Солтүстік Каролинаға дейін), бұл жолмен еуропалық саудагерлер 1740-жылдардың басында қолданған. 1797 жылы бұл жерде үндістердің қонысы Цийяхи (Tsiyahi) табылды, аудармасы «қамшаттар өмір сүретін жер» дегенді білдіреді. Алқап чероки көсемі Кэйд (Kade) құрметіне аталды, бірақ іс-жүзінде көсем тұралы ақпарат қалмаған, тек Питер Снайдер (Peter Snider) атты саудагер жазбаларында кейбір ескертулер кездеседі. 1819 жылғы «Колхон Келісімінен» (Treaty of Calhoun) кейін, жауапкершілік зоналары бекітіліп, қоныс босап қалды, бірақ үндістердің Америка ішіне қарай көшіруіне дейінгі келген адамдар арасында өзара қақтығыстар болып тұратын.

thumb|left|250px|Методисттік шіркеу, 1902 Алғашқы ақ түсті қоныс аударушылар 1818-1821 жылдар аралығында келе бастады, олар ағылшын-американ соғысы ардагері Джон Оливер (John Oliver) және оның жұбайы болды. 1822 жылы Джон Оливер алған үй қазірге дейін сақталып, саябақтағы еуропалық салған ең көне құрылыс болып табылады. Егемендік үшін соғыс ардагері Уильям Типтон (William Tipton) бұл жерлерде көптеген аумақ сатып алып, 1821 жылы кент салына басталды.. 1850 жылға қарай Кейдс-Коув тұрғындар саны 685-ке жетіп, фермерлік шаруашылық көлемі 0,6-1,2 км² (150—300 акр) құрады. Азамат соғысы кезінде (1861—1865) тұрғындардың көп бөлігі Солтүстік әскерді қолдап, кенттің өзі конфедераттар партизандарының көптеген шабуылдарынан күйзелді, малдар ұрланып, қарсыластар өлтірілді.. Соғыс кезінде селдіреген тұрғындар саны тек XX ғасырдың басында ғана қалпына келді..

right|thumb|350px|Кейдс-Коув алқабының панорамасы