Қопа жазығы, Қопсан жазығы – Шу-Іле тауларының шығыс сілемі Кіндіктас тауының солтүстік-шығысында орналасқан тау аралық жазық.
Географиялық орны Батысы Жамбыл облысының Қордай ауданына, қиыр шығысы Алматы облысының Жамбыл ауданына еніп жатыр.
Жер бедері Ұзындығы 35 – 40 км, енді жері 15 км шамасында. Биіктігі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1000 м-ден 700 м-ге дейін төмендейді. Төрттік кезеңнің аллювийлі малтатастарынан түзілген. Жазықты Қопа өзені жарып ағады. Солтүстігінде Құлжабасы тауы Қопа жазығын Қараой жазығынан бөліп жатыр.
Өсімдігі Жазықтың солтүстігіндегі шөлейт өсімдіктер жамылғысы оңтүстігінде тауалды дала өсімдігіне ұласады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы географиясы Санат:Жамбыл облысы географиясы Санат:Қазақстан жазықтары