thumb|right|Лауазымның жалғыз иегері — Нұрсұлтан Назарбаев, 2019 жыл
Елбасы — Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы 14 маусымнан 2022 жылғы 8 маусымға дейін иеленген титулы. Бұл атау Назарбаевтың жеке басына табынуының маңызды элементтерінің бірі болды.
Тарихы 2010 жылғы 12 мамырда Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы — Мәжiлiс депутаттары президент Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беретін заң жобалары топтамасына түзетулерді бірауыздан қабылдады.Kazakhstan Today информационное агентствоVesti.kz: Политика. Мажилис одобрил присвоение Назарбаеву статуса «лидера нации»Новости@Mail.Ru: Назарбаеву присвоен статус «Лидер нации» 2010 жылғы 13 мамырда Қазақстан Парламентінің Сенаты (жоғарғы палата) президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заңнамаға түзетулерді мақұлдады. Сол жылғы 3 маусымда Назарбаев жобаға қол қоюдан бас тартты, бірақ оған вето да салған жоқ. Қазақстан заңнамасындағы олқылықтарға сәйкес, президент қол қоймаған, бірақ парламентке де қайтарылмаған заң президент қол қоюға түскеннен кейін 30 күннен кейін күшіне енеді. Осылайша Назарбаев «Елбасы» атағын 2010 жылғы маусымда ресми түрде алды.Вступил в силу закон, наделяющий Назарбаева статусом «лидер нации»/ День за днём / Интернет-газета. КазахстанКазахстанская правда
2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізетінін жариялады, түзетулердің бірі — Нұрсұлтан Назарбаевты конституциядан, оның ішінде елбасы титулын толығымен алып тастау болды. Референдум қорытындысы бойынша ел халқының басым бөлігі түзетулерге дауыс беріп, сол арқылы Назарбаевты бұл титулынан айырды.Без Елбасы и родни президента во власти — Казахстан проголосовал за перемены
Тағы қараңыз Назарбаевтың жеке басына табыну Тұңғыш президент күні
Дереккөздер
Санат:Титулдар Санат:Нұрсұлтан Назарбаев