Жаңақорған — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы кент, аудан және Жаңақорған кенттік әкімдігі орталығы.
Халқы Тұрғыны — 26 523.
Географиялық орны 1928 жылы құрылған, темір жол стансасы, облыс орталығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 178 км жерде орналасқан. Сырдария өзенінің оң жағасының бұта аралас боз, бетеге, қау, т.б. әр түрлі шөптесін өскен құмайтты, сортаң, бозғылт қоңыр, шалғынды топырақ қалыптасқан шөлдік белдемде орналасқан.
Тарихы Алғашқыда Шепқорған, ал 11 ғасырдан Яны-Курган болып аталды. 1992 жылдан бастап Жаңақорған деп аталады. 1997 жылға дейінгі кәсіпорындар (қиыршық тас, май зауыты, құрылыс, көлік, т.б.) акционерлік қоғам, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары болып қайта құрылды.
Инфрақұрылымы 6 орта, 2 орталау мектеп, 4 кітапхана, мешіт, 2 мәдениет үйі, клуб, стадион, 2 спортзал, аудандық аурухана, емхана, 2 дәрігерлік пункт бар. Кентте 26,4 км су құбыры тартылған. Жаңақорған арқылы Қызылорда — Шымкент автомобиль және темір жолдары өтеді.
Кентте Теріскен көлінің табиғи қара батпағы мен тұзды суымен емдейтін Жаңақорған шипажайы орналасқан.
Галерея
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері