Руслан Фатихұлы Жақсылықов (4 наурыз 1966 жыл, Қаскелең, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер және әскери қайраткер, генерал-полковник, 2026 жылдан бастап Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Бұрынғы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары (2025–2026), Қорғаныс министрі (2022–2025) және Ұлттық ұланның бас қолбасшысы (2008–2022).Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып тағайындалды.kaz.nur.kz

Өмірбаяны И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы.

1996–2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары — штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды. 2006–2007 — ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007–2008 — Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы. 4 қыркүйек 2008 жылы — ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы. 22 қаңтар 2013 — ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы. 2014 — генерал-лейтенант атағын алып, Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы міндетін атқарды. 2022 жылғы 19 қаңтарда Президент жарлығымен Қорғаныс министрі болып тағайындалды.Қорғаныс министрлігінің ресми сайты 2025 жылғы 8 маусымда қызметінен босатылды. Жақсылықовтың орнына Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды 2025 жылғы 30 маусымда қайтадан пайда болған лауазым — Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2026 жылғы 5 қыркүйек күні Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Марапаттары 2017 жылы Қазақстан І, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды

КСРО, ТМД және Қазақстанның медальдарымен марапатталған

Сын Жақсылықов өзінің оғаш, «біртүрлі» пікір мен тұжырымдары үшін белгілі, мысалы өзін сынағандарға оның «өкпелесең көшіп кет!» дегені бар.

2022 жылғы 21 сәуірде министр Жақсылықов «Қазақ тілінде неліктен сұхбат бермейсіз?» деген сұраққа қазақ тілін меңгермегендерді «ренжітпеу үшін» қазақша сұхбат бермейтінін мәлімдеді және осы сөзі үшін сынға алынды. Бірнеше адам оның бұл шешімін мемлекеттік тілді төмендетуі деп көрді де, депутат Қазыбек Иса оның зейнетке кеткенін талап етті. Жақсылықовтың «патриот болу үшін қазақ тілін білу міндет емес» дегені бар.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан генерал-полковниктері