Версаль бейбіт келісімі (фр. Traité de Versailles; ағылш. Treaty of Versailles; нем. Versailler Vertrag) — 1919 жылы 28 маусымда болған Антанта (Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, АҚШ, Румыния, т.б.) елдері мен Германия арасындағы бітім шарт.

Версаль бейбіт келісімі 1920 жылы 10 қаңтар күні Германия және Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мемлекеттері ратификациялағаннан кейін күшіне енді. АҚШ сенаты келісімді ратификациялаудан бас тартып (Ұлыбритания мен Франция үкіметі бас- қаратын Ұлттар лигасына кіргісі келмегендіктен), 1921 жылы тамыз айында Германиямен жеке келісімге келді.

Версаль бейбіт келісімінде Ұлттар лигасының статусы қаралды, Германия, Бельгия, Люксембург, Франция, Швейцария, Аустрия, Чехословакия, Польша және Данияның шекаралары белгіленді. Эльзас пен Лотарингия облыстары Францияға қайтарылды, Саар облысы Ұлттар лигасының басқаруына 15 жылға берілді (кейінгі тағды- рын плебисцит шешетін болды), Клайпеда қаласы жецімпаз державалардың баскаруына берілді, Гданьск «ерікті қала» деп танылды. Бельгияның, Польша мен Чехословакияның шекаралары кеңейтілді. Германия Кеңес үкіметімен арадағы --Брест-Литовск бітімінен және өзінің барлық отарларынан бас тартуға міндеттенді. thumb|300px|Германия Версаль келісімінен кейін:

|солға

Германияның соғыс кезінде одақтастарға келтірген шығынын есептейтін арнаулы комиссия кұрылды. Бұған қоса Германияның соғыс кезінде Түркия, Аустрия-Мажарстан, Ресей мен Румыниядан алған алтын және басқа да кұнды заттарды қайтаруы көзделінді. Әскери-техникалық мәселелер бойынша Германия 100 мың жауынгер, 4 мың офицер ғана ұстауға міндеттенді, Бас штаб институты қысқартылды. Рейннің сол жағы мен оң жағынан 50 км территория қару- сыздандырылған аймаққа жатқызылды. Германияның толық қарусыздануы барлық елдердің қаруларын шектеудің алғы шарттары болу керектігі атап көрсетілді.

Версаль бейбіт келісімі шешімімен Ұлттар лигасы құрылды. Оның мақсаты: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және болашақтағы қарулы қақтығыстардың алдын алу болды. Ұлттар лигасына мүше мемлекеттер сырттан шабуыл жасалған жагдайда бір-біріне көмек корсетуге, карусыздану процесіне жағдай жасауға, өзара ашық дипломатиялық қарым- қатынас орнатуға міндеттелді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Бітімгершілік келісімдер Санат:Бельгия халықаралық келісімдері Санат:Бразилия халықаралық келісімдері Санат:Ұлыбританияның халықаралық келісімдері Санат:Веймар халықаралық келісімдері Санат:Грекия халықаралық келісімдері Санат:Италияның халықаралық келісімдері Санат:Қытай Республикасы халықаралық келісімдері Санат:Куба халықаралық келісімдері Санат:Никарагуа халықаралық келісімдері Санат:Польша халықаралық келісімдері Санат:Португалия халықаралық келісімдері Санат:Румыния халықаралық келісімдері Санат:Тайланд халықаралық келісімдері Санат:Үшінші Француз Республикасы кезінде халықаралық келісімдері Санат:Югославия халықаралық келісімдері Санат:Жапонияның халықаралық келісімдері Санат:Бірінші дүниежүзілік соғыс шарттары Санат:Ұлттар Лигасы Санат:28 маусым оқиғалары Санат:Аумақтық өзгерістер туралы халықаралық келісімдер Санат:Германия аумағындағы өзгерістер Санат:Бельгия аумағындағы өзгерістер Санат:Дания аумағындағы өзгерістер Санат:Литва аумағындағы өзгерістер Санат:Польша аумағындағы өзгерістер Санат:Франция аумағындағы өзгерістер Санат:Чехословакия аумағындағы өзгерістер Санат:Версаль тарихы Санат:Париж бітім конференциясы Санат:Репарация