Шағын кәсіпкерлік – есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар.

«Шағын бизнес» кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):

жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін; активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын; Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар: толық серіктестік; сенім серіктестігі; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілікті серіктестік; өндірістік кооператив.

Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:

белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған; жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған; уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.

Дереккөздер

Санат:Бизнес модельдер Санат:Бизнес терминдері