Дүйсекеқойтас – Ханшыңғыс тауының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы жерінде орналасқан. Ащысу өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 519 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-ге созылып жатыр. Енді жері 6 км. Таудың жанында Қайрақты, Ордатас, Ақтөбе таулары орналасқан. Беткейі көлбеуленіп, қырқалы жазыққа ұласады.

Геологиялық құрылымы Дүйсекеқойтас тас көмірдің граниті мен гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, тобылғы, қараған, селеу өседі. Баурайы мен беткейі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары