Дала шілі () – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдасына жататын отырықшы құс.
Қазақстанда Үстірттің солтүстігіндегі Сам құмында кездеседі. Дене тұрқы 25 см-дей, салмағы 180 – 210 г. Қоразының жоны қызғылт сары бозғылт түсті, маңдайы мен көзінің үстіндегі жолағы қара, тамағы көкшіл сұр түсті, кеудесі қызғылт сары түстен бауырына қарай ақшыл реңге ауысады, екі қапталында қара және қоңыр қиғаш жолақтары болады. Мекиені құм түстес. Сәуір – шілде айларында жұмыртқа (8 – 12) басады. Дала шілі өсімдік тұқымымен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тауықтәрізділер
ar:الصفرد ca:Perdiu golagrisa de:Wüstenhühner en:See-see Partridge eo:Mezorienta perdriko fa:تیهو fr:Perdrix si-si ja:ヒメイワシャコ pl:Kuropatewka piaskowa ru:Пустынная куропатка tr:Bayağı kum kekliği