Бүйрек құмы – Ойыл өзенінің оң жағасын алып жатқан құмды алқап.

Географиялық орны, жер бедері Атырау облысы Қызылқоға ауданының солтүстігінде орналасқан. Құмды алқап 50 км-ге созылып жатыр, ені 15 – 20 км. Жер бедері төбелі, жалды, қырқалы келген.

Климаты Климаты қуаң, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –14°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 240 мм.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Жусан, еркек шөп, оңтүстігінде шала бұталар өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қосаяқ, т.б. кездеседі. Мал жайылымдық.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы құмдары