Бурнонит – күрделі сульфидтерге жататын минерал. Химиялық формулаcы CuPbSbS3. Сингониясы ромбылық, кристалдары таяқша, имек қоспақтар түрінде болады, көбіне ұсақ түйірлі масса құрайды. Бурнониттің түсі сұр, қара; дағы сұр; күңгірт; металл жылтырлы, қатты. Моос шкаласы бойынша 3,0 – 3,5; тығыздығы 5800 – 5900 кг/м3. Гидротермальдық мыс және полиметалл кендерінде өңсіз кентастар және сульфидтермен бірге кездеседі. Бурнониттен қорғасын мен мыс алынады.

Бурнонит “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том— күрделі сульфидтерге жататын минерал. Француз минералогы Бурноның құрметіне аталған. Сингониясы, ромбылық кристалдары таяқша түрінде болады, көбіне ұсақ түйірлі масса құрайды. Түсі сұр, қара сұр, күңгірт, металдай жылтыр. Қаттылығы 3,0—3,5, морт сынғыш, меншікті салмағы 5,7 — 5,9 г/см3. Гидротермальдік қорғасын-сурьма және полиметалл кендерінде сульфидтермен бірге кездеседі. Ірі қорларынан қорғасын мен мыс өндіріледі

Дереккөздер

Санат:Мыс минералдары Санат:Қорғасын минералдары Санат:Сульфид минералдар