Боткөл – Еділ-Жайық алабындағы көл. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы жерінде, Нарын құмында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2,1 м.

Гидрографикасы Аумағы 32 км2, ұзындығы 9,6 км, ені 6,6 км. Қар және жер асты суымен толығады. Жағасы жайпақ, батыс жағы сәл көтеріңкі. Желтоқсан-наурыз айларында мұзы қатады. Суы ащы, көктемнің басында ғана мал суаруға жарамды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Бөкей ордасы ауданы көлдері Санат:Еділ су алабы өңірі Санат:Ресей көлдері