Борат тұз кен орны – бордың, калийдің және басқа элементтердің табиғи қосындысы.
Географиялық орны Атырау облысы Индер ауданы жерінде орналасқан.
Құрамы Өнімді қабаттың заттық құрамы бірқалыпты емес, калийлі, калийлі-магнийлі және борлы тұздардан тұрады. Қатты жыныстағы калий қышқылы 8,5% шамасында, ал шөгінді қабат бойынша калий қышқылының мөлшері 4,54-тен 23,1% аралығында. Қабаттың қалыңдығы бірнеше метрден ондаған метрге дейін ауытқып отырады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы кен орындары