Болтаев Георгий Семенович (5.4.1914, Қостанай қаласы - 13.08.1986, Грозный) - 2-дүниежүзілік соғысқа қаты сушы, гвардия капитаны, рота командирі. Орыс.

Кеңес әскері қатарына Семей қаласының Ленин ауданы әскери комиссариатынан 1943 жылы мамыр айында шақырылды. Тамбов жаяу әскер училищесін бітірген соң,1944 жылы майданға жіберілді. Автоматшылар ротасының командирі Болтаев 172-полктің (8-гвардиялык армия, 57-аткыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. Болтаев ротасымен 1945 жылы сәуірдің 16-сынан 17- сіне қараған түні Одер өзенінің жағалауындағы жаудың қорғаныс шебін бұзып өтті. Рота әскерлері Зелов биіктігіндегі жау траншеясын бірінші болып басып алып, 2 шабуылдаушы зеңбіректің, 5 атыс нүктесінің, ондаған әскері мен офицерін жойды және 75 мм-лік зеңбірек батальонын қолға түсірді. Шегінген жауды қуа отырып, Зелов қаласының Орталық көшесін басып алды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Болтаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені,«Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (31.5.1945).

«Қызыл Жұлдыз»,1, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Соғыс аяқталған соң Чешенстан Республикасының Грозный қаласында тұрды. 1946 жылы запасқа шықты. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:5 сәуірде туғандар Санат:1914 жылы туғандар Санат:Қостанайда туғандар Санат:13 тамызда қайтыс болғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Грозныйда қайтыс болғандар Санат:КСРО капитандары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Александр Невский орденінің (КСРО) иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысындағы рота командирлері Санат:Тамбов жаяу әскер училищесі түлектері