Біссміллә Балабеков (1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақши ауылы - 1979, Алматы облысы Қарасай ауданы) – Қаныш Сәтбаев туған өңірден шыққан халық әншісі.

Әкесі - Балабек Ержановтан және Жаяу Мұса Байжанов, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаевтардан тәлім алған.

Семей қазақ драма театрының алғашқы артисінің бірі болды.

1922-23 жылы Жұмат Шанин режиссерлігімен қойылған «Арқалық батыр» пьесасында Бісміллә пен Әміре Қашаубаев Қияқ және Тұяқ ролдерін ойнады. Бісміллә - Біржанның, Ақан серінің, Жарылғапбердінің және тағы басқалары композиторлардың елге танылмай қалған әндерін сақтап таратушы. 1930 жылдары оның орындауындағы бұл әндер таспаға жазылды. 1930-40-жылдары Павлодар қаласына келіп, Павлодар орыс-қазақ бірлескен драма театрында өнер көрсетті. Біссміллә саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан әнші.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8

Дереккөздер

Санат:1901 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары Санат:Қарасай ауданында қайтыс болғандар Санат:Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры әртістері Санат:Павлодар облыстық орыс драма театры әртістері