Альфред Николаевич Антоненко (1933 жылы Украина, Кривой Рог қаласы - 1997) - геология-минералогия ғылымы докторы (1986), геофизика профессоры (1994), геология қазақ тау-кен және металлургия институтын (1955, қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) бітірген. 1955-57 жылы Қазақ КСР Түсті металлургия министрінің Түлкібас геологиялық барлау партиясында жұмыс істеді. 1957 жылдан бастап, Қазақстан Ғылым Академиясының Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының геофизика бөлімінде инженер, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Альфредтің басшылығымен Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда, Успенск тектонтық аймағында Шу-Сарысу, Қаратау, Мұғалжар, Батыс Қазақстан, Шу-Іле, Балқаш, Алтай кенді аймақтарында іргелі (эксперименттік және теориялық) зерттеулер жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде, жер қыртысының терең қабаттарына тән геологиялық және геофизикалық маңызды мәліметтер алынды. Сондай-ақ Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты тарапынан Ұлытау - Жезқазған аймағында сейсмикологиялық зерттеулер жүргізді. Оның тереңдік жаңа құрылымдар анықталған карталарына Сәтбаев баса назар аударды.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Дереккөздер