Дағара - темірден, мыстан, жезден жасалған үлкен ыдыс түрі. Жергілікті жерлерде бұл ыдысты шара, леген, шылапшын деп әртүрлі нұсқада айтады. Дағараны кір жууға, қол жууға, малға жем жібітуге, азық-түлікті қолмен тасымалдауға пайдалана береді.
Дағара(дай) бөрік, дағарадай ақ сәлде, жаулығы дағарадай тәрізді теңеу мәнді қолданыстар оның үлкен ыдыс екендігіне байланысты айтылса керек. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология