Бұғыз — диірмен тасындағы тесік. Диірменге тартылатын дәнді еркек тастың үстіндегі ойық - бұғызға түсіріп тұрады.
Ел арасында кетпеннің, күректің сабы кіріп тұратын ұңғыны да бұғыз деп атау кездеседі. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология