Бие сауым - уақытты білдіретін халықтық өлшем. Желілеп сауатын биелерді саууға жұмсалатын уақыт. Әлбетте бір биебауда орта есеппен 8-15 құлын байланады. Бие сауым - осыншама биені саууға кететін уақыт мөлшері. Құлындаған биені құлыны қарақұлақ болған кезден, яғни мамыр-маусым айларынан бастап, екі-үш ай бойы байлап, күніне шамамен 4-6 ретке дейін сауады. Бие көп болса желілеп сауады. Биенің әр сауымының арасындағы бір жарым, екі сағататай уақыт халықтық өлшемге негіз етіп алынып, бие сауым деп аталған. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология