Балтам тап! - жастар ойнайтын ұлттық ойын. Қазақы ұғымда бір жұмысты аяғына дейін тындырмай, бір-біріне сілтеп, тиянақ таппағанда «балтам тaп ойнағандай» деп кейіс білдіретін сөз бар. "Балтам тап!" - жастардың бір-бірін қыжыртып ойнайтын ойыны. Ойынға жиырма-отыз адам қатысады. Ойыншылар малдас құра шеңбер жасап, дөңгелене отырады да, қолдарын артына ұстап, жасырын түрде ұсақ затты (сақина, асық) бір-бірінің қолына береді. Шеңбер ортасындағы ойыншы қолдан-қолға берілген заттың кімде екенін табуы керек. Егер тапса, шеңбер құрған ойыншылардың арасына кіреді де, шеңбер ортасына басқа ойыншы шығады. "Балтам тап!" ойынына ұқсас "сақина тастамақ" ойыны да бар. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология