Юрий Зельманович Беккер (31 қазан 1958, – 19 тамыз 2026) — кеңестік және қазақстандық фототілші, фотосы ағылшынның «Бауырлас жастар» газетінде (1967) жарияланды.
Беккер 1975–1987 ҚазТАГ фотооператорының үйренушісі, фотоақпараттық аудандық, облыстық бильақпарат меңгерушісі болды. 1987–1991 жарнама агенттігінің қызметкері. 1991–1998 жылдары ол «Медеу» спорт кешенінің фотографы еді. 1998–2003 жылдары Беккер ҚазТАГ, 2003 жылдан бастап «» газетінің фототілшісі болды.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Беккер Қазақстан тарихында 1987 жылғы желтоқсаншылар Қайрат Рысқұлбеков, Түгелбай Тәшенов, Жамбыл Тайжұмаев пен Ертай Көпесбаевтың сотындағы әйгілі фотолардың авторы ретінде ізін қалдырды.
Беккер 2026 жылғы 19 тамызда қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Беккердің таныстарына, туыстарына көңіл айтты.
Дереккөздер
Санат:1958 жылы туғандар Санат:31 қазанда туғандар Санат:2026 жылы қайтыс болғандар Санат:19 тамызда қайтыс болғандар Санат:КСРО фотожурналистері Санат:Қазақстан фотожурналистері