Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов (8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы - 5.5.1986, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ.
Өмірбаяны 1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде Xұсайынов жаудың 40-қа жуық әскерін жойған. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). Соғыстан кейін Xұсайынов ҚазПИ-ді (қазіргі Қаз¥ПУ) бітірді. 1949- 72 жылы халық ағарту саласында жұмыс істеді. 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы (кейіннен Жалпақтал ауданы) атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Есте қалдыру Орда атындағы мектепке Хұсайыновтың есімі берілген.
Марапаттары Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары