Аудармабас етік - қалыпқа тартылмай-ақ жай кептеліп барып ұлтарылатын етіктің түрі. Етіктің бұл түрі күнделікті жұмыс, шаруаға арналған әшекей, ою-өрнек салынбаған қарапайым болып келеді. Аудармабас етікті дайындаудың ел ішіндегі кең таралған тәсілі - аяқкиімнің басы мен керсенін біртұтас пішін алып, оған ұлтару тәсілімен табан қондырады. Сондықтан, мұндай аяқкиімді ұлтарма етік деп те атайды. Аудармабас етікті үлкен де, кіші де кие береді. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология