Батпақшөп () – сабынкөктер тұқымдасына жататын жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанда далалық және таулы аймақтарда, жайылмалы шалғындарда өсетін 1 түрі – су Батпақшөп (L. aquatіca) бар. Биіктігі 2 – 11 см. Жіңішке жайылған көп бұтақтары болады. Жапырақтары ұзынша, шеті бүтін. Тостағанша жапырақтары қоңырау тәрізді, бес тісті. Күлтесі ақ немесе қызғылт түсті, бес қалақты. Аталығы төртеу, аналық мойны қысқа. Гүлдері ұсақ, бір-бірден жетіледі. Сәуір – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – екі қақпалы қорапша. Тұқымы ұсақ, қоңыр түсті. Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтеме Батпақшөп
Санат:Сабынкөктер