Балапан – Ертістің оң жағалауындағы жон.

Географиялық орны Абай облысы Бесқарағай ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 90 км-ге созылып жатыр, енді жері 30 км-дей. Ең биік нүктесі 351 м. Солтүстігінде Құлынды жазығына ұласады.

Өсімдігі Қоңыр топырақты, беткейінде қарағайлы орман, селеу, бетеге т.б. өседі. Балапанда 1949-1991 жылдары жасалған ядролық қару сынағының іздері - ұңғымалар мен штольнялар сақталып қалған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Бесқарай ауданы таулары