Бадам бөгені — Түркістан облысының Төле би ауданы жерінде, Бадам, Тоғыз, Сайрамсу өзендерінің тоғысқан жерінде орналасқан. Төле би, Сайрам аудандары жерін суландыру мақсатында 1974 жылы іске қосылған.
Гидрологиялық сипаты Аумағы 4,75 км², көлемі 59,0 млн м³, ең терең жері 42,6 м. Топырақтан үйіліп жасалған бөгетінің биіктігі 42 м, ені 10 м. Диаметрі 1,2 м, өнімділігі 13,0 м³/с қос құбыр арқылы су ағыны реттеледі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысы гидрографиясы