Әлпелік , иберия () – орамжапырақ тұқымдасына жататын шөптесін немесе бұташық өсімдіктер туысы.

Негізінен Жерорта теңізі жағалауларында, Кавказда және Кіші Азияда кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда сортаңды жерлерде өсетін 1 түрі – ащы Ә. (І. amara) бар. Биікт. 15 – 40 см, сабағы тықыр немесе сирек түк жауып жатады. Жапырақтары ұзынша, шеті тісті. Гүлдері ақ немесе күлгін түсті, қалқанша гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бұршаққын. Ә-ті әсемдік үшін өсіреді. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Орамжапырақтар