Ащыкөл – Жамбыл облысы Талас, Сарысу аудандарының аумағында, Ақкөл ауылының солтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан көл.
Аумағы Ұзындығы 10 км, ені 8 км, жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты аумағы 31-67 км2 аралығында өзгереді. Тереңдігі 5 м-ге жуық.
Жер бедері, өсімдігі Көлдің солтүстік жағалауы тік жарқабақты (биікт. 6 – 8 м), шығысы жазық, құмдауытты, оңтүстігі сазды, жағалауында қамыс, қоға өседі. Көлге оңтүстік-батыстан Көктал, шығысынан Аса өзенінің бір тармағы құяды. Желтоқсанның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Көлде қаз, үйрек, т.б. су құстары мекендейді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Талас ауданы көлдері Санат:Сарысу ауданы көлдері