Арқат тауы – Абай облысы Жарма ауданы жеріндегі тау. Оңтүстік-батысында Қарағайлы тауымен шектеседі. Абсолюттік биіктігі 914 м. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км.
Жер бедері Солтүстік беткейлері сай-жыралармен тілімденген, оңтүстігі тіктеу келген. Кейде адам мүсініне, кейде аң-құсқа ұқсайтын түрлі жақпартастардан құралған таудың сұлу көрінісі осы жерде болған жиһанкездерді (П.П.Семенов Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич) ерекше таңырқатқан. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, т.б. қазақтың көрнекті тұлғалары Арқат тауының көлдерінде (Қопа, Аймақкөл) суға шомылған, жағасында аң-құс атқан.
Геологиялық құрылымы Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген, етегін төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр.
Өсімдігі Шалғынды қызыл қоңыр топырағында негізінен ши, ажырық, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы I том
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары