Алғазы аралы – Балқаш көлінің орта тұсында, Байғабыл түбегіне жақын, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан арал.

Географиялық орны Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Ұзындығы 7 км, ені 1 – 3 км, ауданы 13 км2 шамасында. Аралды солтүстігінен ені 1,5 км, оңтүстігінен 4 км шамасында бұғаз бөледі. Жағалауы негізінен жазық, солтүстік-батысы ғана тік (абсолюттік биіктігі 366 м) келеді.

Геологиялық құрылымы Девонның туф қабаттары аралас құмдақ жыныстардан түзілген.

Өсімдігі Өсімдікке кедей. Тек ұсақ қиыршықтасты, топырақты жерлерде ғана жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. 1931 – 1959 жылдар аралығында мұнда өзімен аттас Алғазы балық зауыты жұмыс жасаған.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Балқаш көлі аралдары Санат:Жетісу облысы географиясы