Аласор – Торғай алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалевка ауылының солтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан көл. Торғай алабында. Теңіз деңгейінен 185,7 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 10,0 км2, ұзындығы 7,9 км, енді жері 2,4, жағалау бойының ұзындығы 40 км. Жағасы жайпақ, батпақты. Деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылады. Алабы мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Әулиекөл ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы