Ақтөбе мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Барлау жұмыстары 1961–1962 жылдары жүргізіліп, кен 1965 жылы ашылды.
Географиялық орны Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде орналасқан.
Геологиялық құрылымы Шөгіндінің юралық бөлігінде мұнайлы қабаттардың бесеуі, ортаңғы юра қабатында екеуі жатыр. Қабат беттерінің орналасу тереңдігі 2215-2348 м аралығында.
Құрамы Мұнай құрамында күкірт 0,4 – 0,5%, парафин 1,48 – 2,48%, асфальтендер 1,33, шайыры 2,1%-ды құрайды. Кен 1979 жылы пайдалануға берілді.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы кен орындары Санат:Қазақстан мұнай кен орындары