Ақсай фосфорит кен орны — Жамбыл облысы Талас ауданында, Қаратау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Қаратау фосфорит алабына енеді.
Жатыс сипаты Кен орнының ұзындығы 8 км, ені 100 м. Барлау жұмыстары 1951-1956 жылдары жүргізілген. Кен орны 1959-1987 жылдары ашық кеніш әдісімен игерілді. Ал 1987 жылдан бастап кентас жер астындағы кеніштен өндіріледі.
Оны 1938 жылы геологтар П.Л.Безруков пен Б.М. Гиммельфарт ашқан.
Геологиялық құрылымы, құрамы Ақсай фосфорит кен орны төменгі кембрийге жататын Шолақтау шоғырларынан тұрады. Бұл шоғырдың төменгі кентассыз бөлігі шақпақтасты доломиттер мен доломитті әктастардан (қалыңдығы 3-15 м) және фосфоритті шақпақтастардан (қалыңдығы 3-10 м) құралған. Бұлардан жоғары әрқайсысының қалыңдығы 1,5-12 м, фосфор ангидридінің (Р2О5) орта мөлшері 20- 27% 4 кентас қабаты бар, олардың литологиялық құрамы негізінен фосфатты, шақпақтасты, карбонатты болып келеді. Алынған фосфорит кентасы Қаратау кен-химия комбинатында өңделеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы кен орындары