Айқайың () — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Жалпы мәліметтер Еуразияның және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 30-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы тау беткейлерінде, өзен аңғарларында, құмды, сортаң жерлерде өседі.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Қазақстанда тарауы Алматы облысының тау беткейлерінде, өзен аңғарларында, құмды, сортаң жерлерде өседі. Сондай-ақ Қазақстанның басқа аймақтарындада кездеседі. Ең көп тараған түрі — Түркістан Айқайыңы, Африка Айқайыңы, тағы басқа Биіктігі 5-40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша, бүтін жиекті, кейде ойық, бедерлі келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүл шоғырына топтасқан. Наурыз-мамыр айларында гүлдейді. Наурыз-шілдеде жеміс береді. Жемісі — қысқа, жуан сағақты бұршаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. Айқайың — құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
Елімізде Айқайыңның 9 түрі бар, оның ішінде ең көп тарағандары: Түркістан Айқайыңы, түкті Айқайың, жеміс Айқайыңы, Aфрика Айқайыңы. Олардың биіктігі 5 – 40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша бүтін жиекті, кейде ойық, тісті келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүлшоғырына топталған. Наурыз – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қысқа, жуан сағақты бұршаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. Айқайың – құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады.
Дереккөздер
Санат:Орамжапырақтар