Қарабалық ауданы (1997 жылғы 17 маусымға дейін Комсомол ауданы деп аталды) — Қостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 6,9 мың км². Орталығы — Қарабалық кенті.
Географиясы Қарабалық ауданы шығысында Фёдоров ауданымен, солтүстігі мен батысында Ресеймен шектеседі.
Ауданның географиялық орны қолайлы, теңіз деңгейінен 200–260 метр биіктікте. Орал сырты үстіртінің орта жазық бөлігін алып жатыр. Жер бедері беті көл қазаншұңқырларымен, Үй, Тоғызақ өзендерінің аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Кен байлықтарынан аздаған мөлшерде темір кентасы, алтын, отқа төзімді саз, т.б. кездеседі.
Су торабы Аудан жерімен Үй өзені және оның саласы Тоғызақ өзенінен ағып өтеді. Аудан көлге бай. Мұнда 90-нан астам ірілі-ұсақты көлдер бар, олардың 75%-ының суы тұщы. Ірі көлдері: Шұбар, Сасықкөл, Қарасор, Үлкен Бөрілі, Өлеңді, Аршалы, Өрнек, Қулықкеткен, т.б.. Жер асты суы негізінде Смирнов су жүйесі жұмыс істейді. Одан тартылған су құбырлары Қарабалық кентін, Бөрілі, Смирнов, Станционный, Михайлов округтерінің елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді. Бөгендерінде мөңке, шортан, таутан, алабұға, табан, тұқа, оңғақ және аққайран, т.б. балықтар мекендейді.
Флорасы және фаунасы Астық тұқымдас түрлі шөптесіндер (селеу, бетеге, т.б.) басым өскен. Ауданның оңтүстік-шығысында қайың, терек, итмұрын, шие бұтасы аралас шоқ ормандар кездеседі. Айтарлықтай жерді қолдан егілген қарағай, қараағаш, үйеңкі, терек, қараған ормандары алып жатыр. Ормандарында жидектер мен саңырауқұлақтар көптеп өседі. Жануарлар дүниесінен бұлан, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сарышұнақ, қоян мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, тырна, құтан, т.б. кездеседі.
Шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 602 мың гектар (2008), оның 33 мың гектары егістік жер, 3,5 мың гектары шабындық, 234,6 мың гектар жайылым. Аудан орталығы Қарабалық кентінен солтүстікке қарай 17 километр жердегі Научное ауылында Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы орналасқан. Аудан бойынша 5 темір жол станциясы және Еманкин темір жол айырмасы бар.Қазақ Энциклопедиясы
Климаты және ауа-райы Қарабалық ауданының климаты тым континенттік. Қысы суық, бұрқасынды. Қар жамылғысы әдетте қарашаның 2-онкүндігінде қалыптасады, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –18°С. Жазы қоңыржай жылы, ең ыстық айы — шілде. Шілденің орташа температурасы 18°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300–350 мм. Жер қыртысы кәдімгі құнарлы қара топырақтан тұрады. Тоғызақ пен Үй өзендерінің бойында шалғынды құмдақ топырақ таралған.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 25608 46187 57325 52239 52594 43145 31399 26653 Тұрғындар саны – 27 534 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 29,47%, орыстар – 43,46%, украиндар – 12,90%, немістер – 5,24%, беларустар – 1,73%, татарлар – 3,38%, башқұрттар – 0,97%, армяндар – 0,50%, басқа ұлт өкілдері – 2,35%.
Әкімшілік бөлінісі 35 елді мекен 4 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Белоглин ауылдық округі Белоглинка ауылы 3 1695 Боскөл ауылдық әкімдігі Боскөл ауылы 1 1415 Бөрлі ауылдық әкімдігі Бөрлі ауылы 1 772 Қарабалық кенттік әкімдігі Қарабалық кенті 1 10966 Қособа ауылдық округі Қособа ауылы 3 704 Лесной ауылдық әкімдігі Лесное ауылы 1 540 Михайлов ауылдық округі Михайловка ауылы 3 915 Новотроицкий ауылдық округі Новотроицкое ауылы 4 1177 Өрнек ауылдық округі Приречное ауылы 2 608 Победа ауылдық әкімдігі Победа ауылы 1 343 Смирнов ауылдық округі Смирновка ауылы 2 1027 Станционный ауылдық округі Станционное ауылы 4 1617 Тоғызақ ауылдық округі Тоғызақ ауылы 9 3060
Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Қарабалық 10966 Боскөл 1332 Станционное 1184 Смирновка 814 Тоғызақ 810 Новотроицкое 736 Бөрлі 733 Белоглинка 655 Михайловка 622 Научное 594
Дереккөздер
Санат:Қарабалық ауданы