Қақ, Кіші Қақ – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы көл. Дружба ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, теңіз деңгейінен 156,5 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 45,1 км2, ұзындығы 9 км, енді жері 6,1 км, жағалау бойының ұзындығы 37,6 км, тереңдігі 1 м-ге жуық. Түбі тегіс, тұнба, саз-батпақты. Суы ащы, тұзды. Көл жағасына жаз бен күз айларында құстар мекендейді.
Санат:Тимирязев ауданы көлдері