Қайыңды – Арғанаты тауларының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. Абсолюттік биіктігі 470 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 6 км-ге созылған. Енді жері 2,5 км.
Жер бедері Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді. Баурайындағы бұлақтардан Жақсы Қайыңды өзенінің салалары (Ақсоқыр, т.б.) бастау алады.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге, сұлыбас, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігі таулары