Әскери шеру, әскери парад (лат. Paro – дайындаудамын, дайындап жатырмын) — үлкен мерекелер мен мейрамдарда және әскери маңызды оқиғалар құрметіне өткізілетін салтанатты әскери байқау. Кейде ірі жаттығулар соңынан да өткізіледі. КСРО-да ерекше салтанатты оқиғаларға байланысты әскери шеру өткізу дәстүрі қалыптасқан еді. Ең үлкен әскери шерудің бірі 1945 ж. 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруі болды. ҚР-ндағы тұңғыш үлкен әскери шеру Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы құрметіне 1992 ж. 7 мамырда Алматы қаласында Республика алаңында өтті. Отан ҚР ҚК әскер түрлері, Қорғаныс министірлігінің, Әскери-әуе күштерінің, Шекарашылар әскерінің, Ішкі әскерлердің, әскери оқу орындарының, Алматы гарнизонының, әскери комиссариаттардың жинақталған полктары қатысты. Бұл алғашқы әскери шеруді Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы С.Нұрмағамбетов қабылдады.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Қазақстандағы әскери шерулер тізімі Қайнаркөз.https://ru.sputnik.kz/20250506/voennye-parady-nezavisimogo-kazakhstana-kogda-provodilis-i-v-chest-kakikh-dat-53218501.htmlhttps://cmn.kz/pervyj-parad-za-sem-let-dlya-chego-kazahstanu-voennye-shestviya-i-stoit-li-tratit-na-eto-25-mlrd/ + Caption text Дата Себебі Өткен орны Қатысушы саны Техника саны бюджет1 9 мамыр 1995 Жеңіске 50 жыл Алматы, Республика алаңы 2 16 желтоқсан 1996 Тәуелсіздікке 5 жыл Алматы 3 9 мамыр 2000 Жеңіске 55 жыл Астана 4 9 мамыр 2005 Жеңіске 60 жыл Астана 5 30 тамыз 2009 Конституция күні Астана, Тәуелсіздік алаңы 6 30 тамыз 2010 Конституция күні Астана, Тәуелсіздік алаңы 7 30 тамыз 2011 Конституция күні Астана, Тәуелсіздік алаңы мамыр 2012Астана қаласы маңы7 мая 2013Отан қорғаушылар күніЖамбыл облысы, Отар әскери базасы7000400+808 7 мамыр 2014 Отан қорғаушылар күні Астана, Тәуелсіздік алаңы 9 7 мамыр 2015 Жеңіске 70 жыл Астана, Тәуелсіздік алаңы 5000 200+70 10 7 мамыр 2017 Жеңіске 72 жыл, Қарулы күшке 25 жыл Астана, Тәуелсіздік алаңы 5000 300+8011 7 мамыр 2018 Отан қорғаушылар күні Жамбыл облысы, Отар әскери базасы 3000 330+4012 7 мамыр 2025 Жеңіске 80 жыл Астана, Тәуелсіздік алаңы 4000 200+66 2,5 млрд теңге
Дереккөздер
Санат:Әскери іс