Қабыршақты – Сарысу өзенінің алабындағы көл.
Географиялық орны Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің солтүстік-батысында 8 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 354 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 5,8 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 14 км, ең терең жері 1,3 м, су жиналатын алабы 916 км2. Қабыршықты көліне солтүстіктен Сарыөзен өзені құяды.
Жағалау сипаты Жағалауы жазық, пішіні доғаша келген. Өзен және жауын-шашын суларымен толысады. Суы қарашада қатып, наурызда ериді. Көл жағасында, қамыс, құрақ, сораң өседі. Алабы шабындық пен жайылымға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы көлдері Санат:Сарысу су алабы