Авиаматка (ескі) : корабльдерді (крейсерлерді, авитасушыларды, авиакөліктерді) немесе ұшақтарды орналастыру, қызмет көрсету, жөндеу, суға түсіру мен бортқа шығару, ұшақтарды ұшыру мен қондыруда пайдаланылатын қосаяқ судналардың атаулары; әуеде бөлініп, өз алдына іс- қимыл жасайтын, одан кейін жақын әуежайға қайтып оралатын немесе борттасушы қабылдайтын шағын ұшақтарды тасымалдауға арналған ауыр ұшақтасығыш.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат: Әскери іс