Күрті – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 123 км, су жиналатын алабы 12500 км2.

Бастауы Ұзынқарғалы, Қопа өзендерінің қосылған жерінен бастап Күрті аталады. Ақтоғай ауылынан 20 км-дей жоғары Іле өзеніне құяды.

Гидрологиясы Жылдық орташа су ағымы Күрті ауыл тұсында 2,20 м3/с. Арнасы кең, жағасы тік жарлы. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Өзеннің арнасына Күрті бөгені салынған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Қарасай ауданы өзендері Санат:Іле су алабы