КУРЧАВАЯ, Бұйратты – Ақмола облысы Сандықтау ауданының қиыр батысында орналасқан шоқы. Батыстан шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 – 1,5 км. Абсолютiк биіктігі 533 м. Беткейлері аз тілімденген, батысы – тіктеу, шығысы көлбеу келген. Жер қыртысы девонның орта бөліктік тау жыныстарынан түзілген. Оның бетін элювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатыр. Карбонатты қара топырағында қызыл қау аралас әр түрлі шөптесіндер өскен. Кейбір жерлерінде Коржинский селеуі, сәбізшөп, т.б. кездеседі.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Курчавая · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.