КӨЛДЕТІП СУҒАРУ– көктемде қар суын, өзеннің тасқын суын, т.б. ағынды суды пайдаланып, топырақты қанықтыра бір рет суғару. К. с. – екпе шөп пен шабындықтардың, шөп түсімі нашар табиғи шалғындардың, жемге пайдаланылатын жүгері, т.б. екпе жемшөп өнімін арттыру, топырақ эрозиясын азайту үшін қолданылатын шаралар жүйесі. Бұл тәсіл ауа райы өте құбылмалы, жауын-шашыны аз болатын Қазақстанның батыс, солт. және орт. бөліктерінде кең өріс алған. К. с-ды судың тереңдігіне қарай тайыз көлдету (25 – 35 см) және терең көлдету (1,5 м-ге дейін) деп бөледі, ал суландыру мөлшері топырақ қабатындағы жер асты (грунт) суы деңгейіне байланысты. Мыс., грунт суы терең жатса, топырақтың 2 м қабатын суландыру мөлш. 4 – 5 мың м3/га, жақын болса 3 – 3,5 мың м3/га. К. с-да суғарылатын жердің өсімдік құрамы да ескеріледі. Егер шөп арасында бидайық басым болса, көлдетілген суды 20 – 25 тәулік, ал еркек шөп өскен жерде суды 15 күнге дейін ұстауға болады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Көлдетіп суғару · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.