Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей.

Сипаттамасы мен тарихы Беткейлері тіктеу келген. Оларда бұта, жусан аралас таудың әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндері өскен. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтарыhttp://afisha.gazeta.kz/rubric10/eventsPlace1710/2011-2-26/ , т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады. 1967 жылы Көктөбе мен "Қазақстан" қонақ үйінің арасына аспалы жол салынды. Ұзындығы 1272 метр, екі аралықты 6 минутта жүріп өтеді.

2004 жылы күшті жауын-шашын салдарынан біраз жері жарылып, суға ақты.Содан кейін қалалық әкімдік таудың бөктеріне бетон төсеп, реставрация жасады.

2006 жылы Төбеде "Көктөбе" саябағы ашылды.

2007 жылы "Битлз" ескеркіші салынды. Дереккөздер

Санат:Алматы