Көктау – Теңіз көлінің оңтүстігіндегі оқшауланған аласа шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының солтүстігінде 47 км жерде орналасқан. Көң өзені аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 409 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 7,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Шығысында Қособа тауы, оңтүстігінде Қияқты соры, батысында Сарытау тауы орналасқан.
Геологиялық құрылымы Пермь кезеңінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, жусан, ажырық, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары