Көбейтұз – Теңіз көлінің шығысындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Өлеңті өзені алабында. Теңіз деңгейінен 253 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 6,9 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Жағалауы құмды, саздақты ойлы жазық. Жағасы күрделі пішінді, су көп жылдары пішінін жиі өзгертіп тұрады. Қараша – сәуір айлары аралығында суы қатып жатады. Суы тұзды. Жауын-шашын және жер асты сулары мен толысады. Көл айдынында жыл бойы су болады. Мал суарылады, жағалауы шабындық.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы