‎КИІКТАБАН– Ақсақалбелгі құмының шығысындағы қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен 135 – 137 м биіктікте орналасқан. Қоныс бойында Кішікиік, Садық, Тазтөбе, Қоңыртөбе қыстаулары бар. Солтүстігінде Шұбартеңіз, шығысында Бұланты, оңтүстігінде Үлкен Тастемір, батысында Ұзыншұңқыр қоныстары орналасқан. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қарағанды облысы

Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Қазақстан қоныстары